Главная страница

кардиология. 001. Артериальды гипертензия а келесі клиникалы белгілер мен к ріністер бол анда к діктенуге болады


Скачать 33,09 Kb.
Название001. Артериальды гипертензия а келесі клиникалы белгілер мен к ріністер бол анда к діктенуге болады
Анкоркардиология.docx
Дата05.10.2017
Размер33,09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакардиология.docx
ТипДокументы
#40659
Каталогid184537371

С этим файлом связано 61 файл(ов). Среди них: онко- хирургия.docx, Заключение эксперта судебной медицины.doc, Прогрессирующая стенокардия напряжения. Атероск...doc, Акушериядағы заманауи кесар тілігі операциясы....ppt, Лекция СК ЧБД.docx, LOR_testy_4kurs.docx, Ревматол. тесты рус.яз.doc, ASTANA_PATANATOMIYa.doc, дневник по прак.doc и ещё 51 файл(а).
Показать все связанные файлы

Кардиология бөлімі

001. Артериальды гипертензияға келесі клиникалық белгілер мен көріністер болғанда күдіктенуге болады:

а) қысқа мерзімді естен тану

б) жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылыстары

в) перифериялық ісінулердің болуы

+г) төбе мен шүйде аймағындағы ауырсыну сезімі

д) тыныс ырғағының бұзылысы

002. Нефрогенді гипертензияның негізгі себебі:

а) бүйрек көлемінің қысқаруы

б) бүйрек дистопиясы

+в) бүйрек қызметінің бұзылысы

г) бүйрек артериясының 20% тарылуы

д) түбекшелерде конкременттердің болуы

003. Эндокринді гипертензияда гормон жетіспеушілігінің себебі:

+а) қант диабетіндегі гипертензия

б) Кон синдромындағы гипертензия

в) гиперпаратиреоз кезіндегі гипертензия

г) феохромоцитома кезіндегі гипертензия

д) Иценко-Кушинг ауруы кезіндегі гипертензия

004. Гемодинамикалық типтегі гипертензияға жатады:

а) Лериш синдромы

б) бітелген эндартериит

+в)іркілген жүрек жеткіліксіздігімен қатар гиперволемия

+г) аорта қақпақшаларының жеткіліксіздігі

+д) толық атриовентрикулярлы блокада

005. Аорта коарктациясы кезінде гипертензия мына себептерге байланысты дамиды:

+а)төменгі тарылған жердегі ішкі ағзалардың ишемиясы

б) төменгі венаның тромбозы

в) ми қанайналымының жеткіліксіздігі

г) магистральды артерия мен атеросклероздың қосылысы

д) тәж артериясының микроциркуляциясының бұзылысы

006. Феохромоцитома мен параганглиома кезінде АҚҚ жоғарлау себебі:

а) тұрақты систоло-диастолалық

б) аяқ-қолдың асимметриясы

+в) кризистік

г) оқшауланған систолалық

007. Аорта коарктациясының көкірек бөлігіндегі гемодинамикасының негізгі белгісі:

а) аяқтарда АҚҚ жоғарлауы

б) қолдарда АҚҚ төмендеуі

в) жоғары градациядағы брадикардия

+г)аортаның тарылуында төменде гипотензия, жоғарыда гипертензия

д) қан айналымының көлемінің ұлғаюы

008. Вазоренальды гипертензия мына себептен дамиды:

+а) бүйрек артериясының стенозы

+б)бүйрек артериясының фиброваскулярлы гиперплазиясы

+в)бүйрек артериясының фиброваскулярлы дисплазиясы

+г) бүйрек артериясының тромбозы

д) бүйрек түтікшелеріндегі артериоланың васкулиті

009. Оң және сол қолдағы қалыпты жағдайда АҚҚ асимметриясы кезіндегі АҚҚ төмендеуі:

а) коронарлы тромбоздың болуы

б) аортаның көкірек бөлімінде жедел аневризманың болуы

в) асқазан мен өңештің қызметінің бұзылысы

+г) ишемиялық инсульт пен миокард инфарктының болуы

д)бүйректің эритропоэтин-синтездеуші қызметінің төмендеуі

010. АГ-нің феохромацитома кезіндегі абсолютті диагностикалық критерийлері:

+а) бүйрекүсті безіндегі ісіктердің болуы және катехоламиннің гиперпродукциясы

б) қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының жоғарлауы

в) зәрдегі 5−оксилиндосірке қышқылы деңгейінің жоғарлауы

г) қанда, зәрде, бүйрек венасында катехоламин деңгейінің төмендеуі

д) α-адреноблокаторда гипотензивті әсердің болуы

011. Жоғарғы активті гормон болып табылады:

а) кальцитонин

+б) адреналин

в) инсулин

г) альдостерон

д) пролактин

012. Пульмонологиялық практикада АГ-ны шақыратын препарат:

а) пенициллин

б) бронхолитиктер

в) кромогликат натрий

+г) мия препараты

+д) қызыл мия препараты

013. Созылмалы артритті емдеу кезінде АГ-ны шақырады:

а) кризанол

б) делагил

в) аспирин

г) ибупрофен

+д) гидрокортизон

014. Әйелдерде эндокринді гипертензия мынаны қабылдағаннан болады:

+а) синтетикалық прогестин

+б) эстроген

в) бромкриптин

г) нон-овлон

д) прогестерон

015. Гипотензивті терапияда α-адреноблокатор празозиннің негізгі кемшілігі:

+а) рефлекторлы тахикардия

б) брадикардия

в) калий алмасуының бұзылысы

г) дислипопротеидемия

д) ортостатикалық гипотензия

016. Антогонисті кальций каналының оң нәтижесі, гипотензивтіден басқасы:

+а) коронаролитикалық

+б) антиаритмикалық

+в) бронхолитикалық

г) қанда зәр қышқылының төмендеуі

д) диуретикалық

017. Гипотензивті препараттардың негізгі тобыын ата:

+а) диуретиктер

+б) вазодилататорлар

+в) глюкокортикоидтар

г) антиадренергиялық препараттар

д) адреностимуляторлар

018. Эссенциальды гипертензия кезінде гипотензивті терапияның ұзақтығы:

а) қан тамырлық асқынулар

+б) АҚҚ қалыпты ұстайтын ағзалардың жағдайы

019. Мына гипотензивті препараттарды ұзақ қолданғанда гемолитикалық анемияны шақыруы мүмкін:

а) клонидин

б) резерпин

в) празозин

+г) метилдопа

020. Қандай гипотензивті препараттарды аз дозада қолданғанның өзінде дәрілік люпус синдромын шақыруы мүмкін:

а) клонидин

б) метилдопа

в) резерпин

+г) гидралазин

д) празозин

021. Қандай гипотензивті препараттарды ұзақ қолданғанда депрессия болуы мүмкін:

+а) клонидин

+б) метилдопа

+в) резерпин

г) гидралазин

д) празозин

022. Үлкен адамдарда АҚҚ-ң қалыпты шекарасы:

+а) систолалық қысым 140 мм сын. бағ., немесе

одан төмен, диастолалық қысым 90 мм сын. бағ.

немесе одан төмен

+б) систолалық қысым 140 мм сын. бағ., төмен,

диастолалық қысым 90 мм сын. бағ.төмен

+в) систолалық қысым 150 мм сын. бағ.,төмен,

диастолалық қысым - 90 мм сын. бағ.тең.

023. АГ туындауына әкелетін қауіп факторды таңда:

+а) тұқымқуалаушылыққа бейімділік

б) дене салмағының көп болуы

в) алкогольды ішімдіктер қолданғанда

г) ақуызды мөлшерден тыс қолданғанда

+д) ас тұзын мөлшерден тыс қолданғанда

024. Гипертоникалық ауру кезінде ЭКГ-дегі белгілер:

а) үшкір басты Р тісшесі, ІІ, ІІІ шықпа

б) сол қарыншаның гипертрофиясы

в) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы

г) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

д)кеңейген, қосөркешті Р тісшесі І, ІІ шыкпа

025. Гипертониялық ауруы бар науқастарда зәр анализіндегі өзгерістер:

а) меншікті салмағының төмендеуі

+б) лейкоцитурия

в) микрогематурия

+г) протеинурия

д) меншікті салмағының жоғарлауы

026. АГ-мен ауыратын науқастарда көз түбіндегі өзгерістер:

+а) торлы қабық артериясының тарылуы

+б) венаның кеңеюі

+в) қан тамырлардың жаншылуы

г)торлы қабық артериясының кеңеюі

+д) торлы қабатқа қан құйылу және плазморрагия
027. Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде науқастарда тыныс шулары қандай сипатта болады:

а) крепитация

+б) ылғалды майдакөпіршікті сырыл

в) құрғақ сырыл

г) плевраның үйкеліс шуышум трения плевры

д) плевро-перикардиальды шулар
028. Өкпеде алыстан естілетін бұрқылды дем және ылғалды үлкен көпіршікті естілмейтін сырыл анықталса қандай клиникалық ситуацияға тән:

а) созылмалы оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі

б) созылмалы сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі

в) жедел сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (жүректік демікпе)

+г) жедел сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі

(өкпедегі альвеолярлы ісіну)

д) абсцесстенген крупозды пневмония

029. Айқын жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда аускультация кезінде қандай ырғақ тән:

а) "бөдене" ырғағы

+б) протодиастолалық атшабыс ырғағы

в) пресистолалық атшабыс ырғағы

г) систолалық атшабыс ырғағы

д) қосымша перикард-тон
030. Науқас 47 жаста, клиникаға түске кездегі диагнозы: жедел артқы миокард инфаркты. Алғашқы тәулікте қарау барысында кенет есін жоғалтқан.Пульс және АҚҚ анықталмайды. ЭКГ-дағы көрінісі: қарыншалардың асистолиясына ауысқан синусты ырғақ. Ем:

а) дефибрилляция

+б) тікелей емес жүрек массажы

+в) симпатомиметиктерді жүрек ішілік енгізу

г) көк тамырға индерал

д) ганглиоблокаторлар
031. Науқас 50 жаста, клиникаға түскен кездегі диагнозы: жайылған алдыңғы миокард. Интенсивті терапиялық ем қабылдағаннан соң 2 күннен соң ауа жетіспеушілігі мен құрғақ жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде жүрек ұшында және Боткин нүктесінде систолалық шу естіледі, бұрын анықталмаған. Болжам диагноз:

а) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

б) крупозды пневмония

в) инфаркттан кейінгі перикардит

+г) емізікше бұлшық еттің жыртылуы

д) Дресслер синдромы

032. Науқас 48 жаста. Клиникаға түскен кездегі диагнозы: Артқы миокард инфаркты. 3-ші тәулікте кенеттен өршіген ентікпе, оң қабырға астында ауырсыну сезімі, аяғында ісіну анықталған. Қалпы ауыр дәрежеде, терісінің бозаруы, акроцианоз. Өкпесінде сырыл жоқ. ТАЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ыпғақты. Парастернальды сызықта пансистолалық шу естіледі және систолалық діріл анықталады. ЖСЖ минутына 96 рет. АҚҚ 100\60с.б.б. Бауыры ұлғайған-6. Болжам диагноз:

а) ревматикалық жүрек ақауы

б) митральды қақпақшаның пролапсы

+в) қарыншааралық перденің жыртылуы

г) өкпелік ісіну

д)өкпе артериясының тромбоэмболиясы
033. Ұзақ отырып жұмыс істейтін адамдарға стенокардияның қай формасы тән:

+а) күш түсу

б) тыныштық

в) вариантты

г) тыныштық және күш түсу

034. ЖИА кезінде мына механизмдердің қайсысы миокард гипоксиясында орын алады:

а) артериальды гипоксемия

+б) көмірқышқыл газының аз мөлшерде түсуі

+в) көмірқышқыл газының көп мөлшерде

қолданылуы

г) көмірқышқыл газының утилизациясының төмендеуі

035. Стенокардия кезіндегі ЭКГ-дағы өзгерістер:

а) патологиялық Q тісшесі

+б) ST сегментінің жоғарлауы

+в) ST сегментінің депрессиясы

г) теріс Т тісшесінің болуы

д) Гис шоғырының блокадасы

036. Асқазан-ішек жолдарының қай ауруы стенокардияның клиникалық көрінісін береді:

а) өңеш ауруы

+б) диафрагмальды жарық

в) асқазан ойық жарасы

г) созылмалы колит

д) жедел панкреатит

037. Сол жақ қабырғааралық невралгияны қандай белгіге қарап диагностика жасайды:

+а) қабырғааралықты басқан кезде кенеттен ауыру

сезімі

+б) дем алғанда ауырсынудың күшеюі

в) дем алғанда ауырсынудың әлсіреуі

+г) ауырсынудың дене айналуымен байланысы

д) нитроглицерин қабылдағаннан кейінгі оң нәтиже

038. Стенокардия кезінде нитраттардың механизмдік әсері қандай:

а)жүрек қарыншасының диастолалық көлемінің

ұлғаюы

+б) жүрек қарыншасының диастолалық көлемінің

азаюы

+в)миокардтың субэндокардиальды қабатының қан

айналысының жақсаруы

+г) жүректің сыртқы жұмысының азаюы

д) жүректің сыртқы жұмысының көбеюі

039. Қандай патологиялық жағдайда миокард гипоксиясы мен миокардтағы биохимиялық процестердің бұзылыстары сәйкес келеді:

а) гипонатриемия

+б) гипокалиемия

+в) гипогликемия

г) гипокальциемия

+д) тиреотоксикоз

040. Ангиоспастикалық стенокардияға тән:

+а) стенокардия кезінде тыныштық

+б) ауырсынудың циклдық пайда болуы

+в) ауру кезінде аритмияның болуы

+г) ауру кезінде ST жоғарлауы

д) ауру кезінде теріс Т тісшесінің болуы

041. Күштемелі стенокардия кезіндегі қандай белгілер миокард инфарктына күмән туғызады

+а) ауру сезімінің 15 минуттан ұзақ болуы

б) өлімге қорқыныш пайда болғанда

+в)АҚҚ төмендеуі

+г) ауру сезімінің алдыңғы ұстамадан қатты болуы

042. β-адреноблокаторлардың механизмі қандай:

+а) ЖСЖ төмендеуі

б) веноздық қан айналыстың төмендеуі

в) жүрек соғысының жоғарлауы

+г) АҚҚ төмендеуі

+д)эндогенных катехоламиндердің әсерінің төмендеуі

043. Стенокардия кезінде төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысы ең әсерлі болып табылады:

+а) нитраттар

+б) β -блокаторлар

в) кальций антагонистері

г) антикоагулянттар

д) антиоксиданттар

044. Стенокардия кезінде дезагреганттарды тағайындауға қандай көрсеткіштер басты себеп болып табылады:

+а) гиперкоагуляция

б) гипокоагуляция

+в) тромбоциттердің агрегациясының жоғарлауы

г) тромбоциттердің агрегациясының төмендеуі

+д) гиперфибриногенемия

045. Дозалы физикалық күштеме сынамасына оң нәтиже беретін критерийді ата:

+а) ауру синдромы

б)ентікпе

в) шаршағыштық

+г) ST сегментінің 1 см жоғарлауы

+д) Т тісшесінің инверсиясы

046. Стенокардияда оперативті емге көрсеткіш:

а) ФК I-II

+б) ФК III-IV

в) үдемелі стенокардия

+г) антиангинальды терапияның әсерінің болмауы

+д)оң және сол коронарлы артерияның проксималььды бөлігінің стенозды атеросклерозы

047. Тұракты емес стенокардияның белгілері:

+а) ауырмалы ұстаманың интенсивтілігі және ұзақтығының өзгеруі

б) жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы

+в) тринитратты қабылдағанда әсерінің болмауы

г)АҚҚ гипотензивті терапиясыз

д)ЭКГ-да Q тісшесінің болмауы

048. Жоғары функционалды кластағы тұрақты стенокардия белгісі:

а) соғу фракциясының өзгеруі

б) ЭКГ-да миокардтың біржақты қабырғасының зақымдалуы

в) плазмада ЛДГ және КФК изоинзимдер деңгейінің жоғарлауы

+г) шектемелі күштемеде тредмил деңгейінің 50 Вт төмендеуі

д) шектемелі күштемеде тредмил деңгейінің 120 Вт төмендеуі

049. Стенокардияда және коронарлы атеросклерозда ЭКГ белгілері:

а) Q-T интервалының ұзаруы

б) P-Q интервалының ұзаруы

в) Q және Р тісшесінің амплитудасы 0,03 с ұзақ болуы

+г) Т тісшесі мен қарыншалық комплекстің соңғы бөлімінің өзгеруі

д) ST сегменті изосызықтан 2 мм жоғары

050. Тұрақты емес стенокардияны алдын алудағы жағымсыз жоспар:

+а) миокард инфарктының пайда болуы

б) ми қан тамырларында тромбоэмболияның болуы

в) жүрек ырғағының фатальды өзгерістері

г) өкпелік гипертензияның болуы

д) венозды жетіспеушіліктің болуы
перейти в каталог файлов
связь с админом