Главная страница

“Босану кезіндегі ә. 1 акушерия ж не гинекология кафедрасы


Скачать 9,37 Mb.
Название1 акушерия ж не гинекология кафедрасы
Анкор“Босану кезіндегі ә
Дата17.11.2017
Размер9,37 Mb.
Формат файлаppt
Имя файлаBosanu_kezindegi__1241_rt_1199_rli_anomalialar_1171_a_baylany.pp
ТипДокументы
#19055
Каталогid184537371

С этим файлом связано 61 файл(ов). Среди них: онко- хирургия.docx, Заключение эксперта судебной медицины.doc, Прогрессирующая стенокардия напряжения. Атероск...doc, Акушериядағы заманауи кесар тілігі операциясы....ppt, Лекция СК ЧБД.docx, LOR_testy_4kurs.docx, Ревматол. тесты рус.яз.doc, ASTANA_PATANATOMIYa.doc, дневник по прак.doc и ещё 51 файл(а).
Показать все связанные файлы

№1 АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: “Босану кезіндегі әртүрлі аномалияларға байланысты партограммаларды толтыру. Босану кезінде ұрыққа қауіп келтіретін жағдайларды қосымша әдістермен диагностикалау “
Тексерген:.
Орындаған:.
ЖМ,4 курс ,
Алматы, 2014 жыл.


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Жоспар


1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім: Партограмма
2.1.Партограмма толтыру ережесі
2.2.Аномалиялар кезіндегі партограмманы толтыру
3. Босану кезінде ұрыққа қауіп келтіретін жағдайларды қосымша әдістермен диагностикалау
3.1.Кардиотокография
3.2.Доплерометрия
4.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Партограмма- босанудың бірінші кезенің сипаттайтын графикалық бейнелеу. Босану диагнозы мен стационарға түскен пациентке арналады.

Партограмманы толтыру ережесі


Жатыр мойнының ашылуы: әрбір қынаптық тексеруде бағаланады және Х пен белгіленеді. Бақылау сызығы: cызық жатыр мойнының 3 см ашылу нүктесінен басталып, сағатына 1 см -ден толық ашылу нүктесіне дейін жалғасады.

Бастың түсуі


нәрестенің басының босану жолдары арқылы өтуін бағалайды, бірінші абдоминалды тексеріп, тек сосын ғана қынаптық тексеру қажет.
5/5- басы қасағадан бес саусақ жоғары- кіші жамбастың кіреберісінен жоғары
4/5- бас қасағадан төрт саусақ жоғары-кіші жамбастың кіреберісіне бекіген.
3/5- басы қасағадан үш саусақ жоғары- қасаға үстінде бастың үлкен сегменті сезіледі
2/5- бас қасағадан екі саусақ жоғары- қасаға үстінен бастың кіші бөлігіг сезіледі
1/5- бас кіші жамбас қуысында

Жатырдың жиырылуы:


Босану әрекетінің нақты көрсеткіші ретінде жатыр мойының ашылу мен және нәрестенің басының жылжуы, сонымен қатар жатырдың жиырылуы да маңызды болып табылады. Толғақтың қайталануы уақыт өсінде белгіленеді. Әр клетка бір жиырылуды білдіреді.

Штрихтаудың түрлі қарқындылығы толғақтың қарқындылығын көрсетеді.

Кардиотокография


Бұл әдіс нәресте жүрегінің соғу жиілігі мен жатыр бұлшықеттерінің жиырылу күшін тіркейді. Нәресте жүрегінің жиырылу күшін ультрадыбысты датчик арқылы тіркейді. Кардиотокограф екі график береді. Бірінші график – тахограмма, онда НЖСЖ көрсетеді. Екінші графикте – гистерограммада жатыр миометриінің жиырылуын күшін тіркейді.


Кардиотокографияның тікелей және тікелей емес түрін ажыратады.Қазіргі кезде тікелей емес КТГ қолданылады, себебі ол асқыну болдырмайды және қарсы көрсеткіші жоқ.
НЖСЖ қалыптыда 120-160 минутына соққы.
КТГ нәтижесі 10 балдық жүйемен есептеледі. 8-10 балл – нәресте жағдайы қанағаттанарлық болады, 6-7 балл – гипоксия, 0-5 балл – нақты гипоксия, тез арада госпитализация жасау керек.

Доплерометрия


Бұл әдіс нәресте кіндік артериясына қойып қанайналымының жылдамдығын тексереді, анемияны анықтауға, резус конфликтті анықтауға болады. Жүктіліктің 28-32 аптасында тексереді. Өйткені, ол кезде нәрестенің оттегі мен қоректік заттарға қажеттілігі артады.

Қорытынды


Партограмма жүкті әйелді босануын қалыпты өтуін көрсететін график болып табылады. Әр толғағы басталған жүкті әйелге толтырамыз. Партограммада жүкті әйелдің аты – жөні, жылы, мекен жайы, түскен уақыты, күні, толғағының басталған уақыты, сосын қағанақ суы түсі, жатыр мойнының ашылуы, жатыр жиырылуы, окситоцин дозасы, температура, пульс, АҚ өлшеніп отырады. Және босанар алдында нәресте жағдайын қадағалап отыру үшін КТГ, доплер қолданады.

Қолданылған әдебиеттер


1. Акушерство. Национальное руководство: под ред. В.И. Кулакова, Э.К. Айламазян, В.Е. Радзинского. – М., 2008.
2. Ведение беременности и родов у женщин с анатомическим узким тазом: письмо Минздрава РФ от 26.11.2002 № 2510/11869-02-32.
3. Горемыкина Е.В. Частота и исходы родов у женщин с функционально узким тазом в условиях крупного промышленного центра: автореф. дис…. ... канд. мед. наук /Е.В. Горемыкина. - М., 2006. - 24с.
4. Лазарев С.Ю. Оценка эффективности антенатальной профилактики гипоксически-травматических повреждений центральной нервной системы плода при высоком риске функционально узкого таза: автореф. дис. ...… канд. мед. наук / С.Ю. Лазарев. – Екатеринбург, 2001. – 24 с.
5. Пучко Т.К. Узкий таз (диагностика, ведение родов и прогнозирование их исхода для матери и плода): автореф. дис…. д-ра мед. наук /Т.К. Пучко. - М., 2003. – 44с.


перейти в каталог файлов
связь с админом