Главная страница
qrcode

10 тапсырма. Диагноз Созылмалы панкреатит Лабораторлы зерттеулер


Скачать 16.31 Kb.
НазваниеДиагноз Созылмалы панкреатит Лабораторлы зерттеулер
Дата04.09.2020
Размер16.31 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла10 тапсырма.docx
ТипДокументы
#159533
Каталог

Диагноз: Созылмалы панкреатит

Лабораторлық зерттеулер:
ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, солға жылжыған лейкоцитоз.
  • ЗЖА: билирубин, α-амилазаның жоғарылауы.
  • ҚБА: α-амилаза құрамының, липаза, трипсин, γ-глобулиндер, сиал қышқылдары, серомукоидтардың көбеюі.
    Инструменталдық зерттеулер: ұйқыбездің ұлғаюы жəне сальниктік сөмкеде сұйықтықтың көбеюі.

    Аспаптық зерттеу əдістері:
    Іш қуысы ағзаларына рентгеноскопия (ирригоскопия).
  • ЭКГ.
  • Тінді гистологиялық зерттеу.
  • Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
  • Компьютерлік томография.
  • Эзофагогастродуоденоскопия.
  • HbsAg, Anti-HCV.
    Емдеу тактикасы

    Ем мақсаты: ұйқы безінің қабынуын тежеу жəне ұйқы безінің некрозданған тінін алып тастау.

    Дəрі-дəрмекті ем

    ЖП ферменттік фазасында ең тиімдісі - интенсивті консервативтік ем болып табылады.

    Ауыр емес панкреатитті емдеу үшін базистік емдеу кешенін жүргізу жеткілікті:
    ашығу;
  • асқазанды зондылау жəне ондағы сұйықтықты сорып алу (аспирация);
  • жергілікті гипотермия (ішке салқын басу);
  • анальгетиктер;
  • спазмолитиктер;
  • инфузиялық ем науқастың 1 кг дене салмағына 40 мл көлемінде күшейтілген
    (форсирование) диурезбен 24-48 сағат бойы жүргізіледі.

    Базистік емді антисекреттік жəне антиферменттік еммен күшейткен тиімдірек болады.Базистік емнен 6 сағат ішінде нəтиже болмаса жəне ауыр панкреатиттің ең болмаса бір белгісі байқалса, ауыр панкреатит диагнозы қойылып, науқасты реанимация жəне интенсивті емдеу бөлімшесіне ауыстырады да, жіті ауыр панкреатиттің емін тағайындайды. Ауыр панкреатиттің интенсивті емі: емнің негізгі түрі - интенсивті консервативтік ем. Жоғарыда көрсетілген базистік емдеу кешені ауыр ЖП кезінде жеткілікті нəтиже бермейді, сондықтан арнайы қосымша емдік кешен тағайындалады. Соңғысының нəтижелілігі емді ерте бастаған кезде жоғары болады (ауру басталған алғашқы 12 сағат ішінде).Лапаротомия түріндегі хирургиялық емдеу шарасы тек хирургиялық бағыттағы асқынулар пайда болғанда, эндоскопиялық əдіспен тежеу мүмкін болмағанда ғана тағайындалады

    (деструктивті холецистит, асқазан-ішек жолынан қан кету, Жіті ішектік түйнекте жəнет.б.).

    Арнайы ем:

    1. Антисекреттік ем (оптималдық мерзімі - аурудың алғашқы үш тəулігі):
    таңдаулы препарат - сандостатин (октреотид) 100 мкг х 3 р. тері астына;
  • резервтегі препарат - квамател (40 мг х 2р. в/і), 5-фторурацил (5% 5 мл в/і).
    Реологиялық белсенді ем (гепарин, реополиглюкин, рефортан жəне т.б.).
  • Жоғалған плазманың орнын толтыру (су-электролиттік, белоктық, т.б. азаюын орнына
    келтіру: жалпы алғанда дене салмағының 1 кг-на 40 мл-ден жоғары сəйкес инфузиялық заттар; коллоидтық жəне кристаллоидтық ерітінділер қатынасы - 1:4).
      Гистопротекция:
      антиферменттік ем (контрикал - 50 мың бірл. аз емес, гордокс - 500 мың бірл. аз емес в/і.
      Оптималді мерзім - аурудың алғашқы 5 тəулігі);
      антиоксиданттық жəне антигипоксанттық ем.
      Детоксикация.
    1. Кең əсерлі антибиотикотерапия - екі антибиотик тағайындау (фторхинолондар, метронидазол).
      перейти в каталог файлов


  • связь с админом