Главная страница
qrcode

Фармакотерапия.docx. Казахский национальный медицинский университет имени с. Д. Асфендиярова


Скачать 55.04 Kb.
НазваниеКазахский национальный медицинский университет имени с. Д. Асфендиярова
Дата27.04.2020
Размер55.04 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФармакотерапия.docx.docx
ТипРеферат
#159015
Каталог
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




С.Ж

.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Орындаған: Амантай Н.Е

Факультет: ЖТД 604-2қ

Қабылдаған: Сыздықова Ж.

Рационалды фармакотерапия. «ДЗ тимді пайдалану.» ДЗ және өмір сүру сапасы.

Фармакотерапия— (грекше φάρμακον — дәрі және 
Фармакотерапияның төмендегідей бірнеше түрлері бар:
Этиотропты терапия
  • Патогенетикалық терапия
  • Симптоматикалық терапия
  • Заместитикалық терапия
  • Профилактикалық терапияДәрілік препараттарды рационалды немесе тиімді қолдану дегеніміз— пациенттер олардың әздеріне де және қоғамға да минимальды шығындарды жұмсай отырып белгілі бір уақыт кезеңі ішінде клиникалық қажеттіліктеріне сәйкес, жеке қажетті мөлшерде дәрілік заттарды алады. Бұл анықтаманы 1975жылы Бүкіл дүниежүзіл Денсаулық сақтау ұйымы берген болатын.

    Дәрілік заттарды рационалды қолданудың критерилері:
    сәйке көрсетілімдердің болуы;
  • сәйкес дәрілік препарат;
  • тағайындаудың (енгізу тәсілдерінің), мөлшерінің және ұзақтығының сәйкестігі;
  • сәйкес пациент;
  • пациент үшін сәйкес ақпараттың болуы;
  • сәйкес бағалау.
    Дәрілік препараттарды тағайындау кезінде жиі кездесетін қателіктер:
    балаларда кездесетін спецификалық емес диарея кезінде антибиотиктерді және диареяға қарсы препараттарды шектен тыс көп қолдану;
  • инъекциялық препараттарды тиянақсыз (анықталмастан) тағайындау;
  • көп мөлшерлеу кезінде әртүрлі препараттың көп санын тағайындау;
  • бактериалды емес инекцияларды, мысалы ОРЗ, емдеу кезінде антибиотиктерді дұрыс емес, анықсыз тағайындау;
  • өсуді және тәбетті стимуляциялау үшін анаболикалық стероидтарды қолдану;
  • дұрыс емес, жеткіліксіз тамақтану кезінде тонюсты көтеретін заттарды және мультивитаминдерді қолдану және т.б.
    Дәрілік препараттарды тиімді емес (рационалды емес) қолдануға негіз болатын факторлар:

    1.Пациенттер тарапынан:
    дәрілік заттар туралы дұрыс емес ақпараттың болуы;
  • жалған пікірдің, көзқарастың болуы және т.б.
    2.Дәрігерлер тарапынан:
    білімнің және біліктіліктің жеткіліксіздігі;
  • дәрілік заттар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі;
  • жүктеменің көп болуы;
  • дәріні тағайындау кезінде қысымның болуы;
  • тәжірибесінің шектеулі болуы;
  • дәрілік заттың тиімділігі туралы жалған пікірдің, көзқарастың болуы.
    3.Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелерінің тарапынан:

    ұйымдастырудың тиімсіздігі немесе тиімсіздігі немесе тиімсіз ұйымдастырылуы;

    қажетті дәрілердің жетіспеуі;

    дұрыс ақпараттарды бермеуі;

    қажетті дәрілік заттарды уақытында жеткізбеуі және т.б.
    4.Дәрілік заттарды қолдану ережесі (тәртібі) тарапынан:
    Негізгі тізімге жататын дәрілердің жетімді болуы;
  • Дәрігерлердің өз бетінше жұмыс істеуі және т.б.
    Дәрілік препараттарды тиімсіз (рационалды емес) қолданудың салдарлары:

    1.Дәрілік терапияның сапасының төмендеуі:
    аурушаңдық;
  • өлімге әкелуі.
    2.Қаржылардың шығындалуы:
    өмірлік қажетті (маңызы бар) дәрі дәрмектермен қамтамасыз етудің төмендеуі;
  • шығынның жоғары болуы.

  • 3.Тілек етілмеген құбылыстардың болу қаупі:
    жағымсыз реакциялардың болуы;
  • дәрілік заттарға бактериалды тұрақтылықтың пайда болуы;
  • аллергиялық реакциялардың болуы;
  • жанама әсерлерінің көп болуы және т.б.

  • 4.Психологиялық және әлеуметтік салдарлары:
    пациенттер әрқашанда өздері мұқтаж болып отырған дәрілік заттарына үміттенеді;
  • дәрілік заттарға сұраныстың біршама жоғарылауы.
    Балалардағы фармакотерапия ерекшелігі

    Есейген сайын дене салмағы да, ДЗ бүйректік клиренсі де өзгеріп отырады, ал балаларда бүйректік клиренс дене салмағына емес, дене ауданына пропорционалды өсіп отырады;нәрестелерде, әсіресе, шала туған нәрестелерде бауырдың ферментативті жүйесі жетілмеген болады, сондықтан да кейбір ДЗ метаболизімі ересектермен салыстырғанда өзгеше болады; балалардың бүйрегінің нефрондық құрылымы ересектерден өзгеше, соған байланысты ДЗ зәр арқылы ағзадан шығарылу жылдамдығы да өзгеше болады; Сіңірілуі:. Таралуы. Тасымалдануы. Экскрециясы.
    Егде жастағы науқастардағы фармакотерапия ерекшелігі

    Егде жастағы науқастарға ДЗ тағайындаудың негізгі қағидалары:* емдеу алдында нақты диагноз қою және дәрілік ем қажеттілігн анықтау, себебі егде жастағы науқастардың ауруларының барлығы медикаментозды емді қажет етпейді; * науқастардың ДЗ қолдану жағдайларын анықтау (науқас емдік ұсыныстарды бірнеше дәрігерлерден алуы мүмкін); * тағайындалатын препараттың әсер ету механизмін жақсы білу; * емді ДЗ аз мөлшерінен бастау; * қажетті әсер алғанша ДЗ мөлшерін титрлеу; * ДЗ қолдану тәртібін қолайландыру және ем тәртібін сақтауға жағдай жасау

    Дәрілік заттарды рационалды және қауіпсіз қолдану саласындағы БДҰ-ның стратегиясы

    Қазіргі уақытта дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдануға бағытталған БДҰ-ның бірқатар резолюциялары қолданыста. Олар негізінен дәрілік заттардың, нарықта дәрілік заттарды жылжытудың (оның ішінде интернетті қолдану арқылы) этикалық нормалары, антибиотиктерге резистенттілікті төмендету, фармацевттің ролі саласындағы БДҰ-ның стратегияларына қатысты.

    Қазақстанда кейбір фармкомпаниялардың өкілдіктері дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпараттарды жинайды. Бірақ әлемдік тәжірибе қөрсеткендей, дәрілік заттарды өндірушілер көбіне бұған мүдделі емес. Нәтижесінде, БДҰ-ның дәрілік заттардың жанама әсерлерін тіркеу бойынша Халықаралық бағдарламасының мәліметтер базасы қызмет барысында қолданылады, ал қалың қауым және дәрігерлер үшін бұл ақпарат жабық (оған тек бағдарламаға мүше-елдердің регуляторлық органдары ғана кіре алады).

    Дәрілік заттарды тиімсіз (рационалды емес) қолданудың индикаторларына тиімсіз емдеу (дәрілік затарды дұрыс емес тағайындау, дәрілік затты жазып берудегі және мөлшеріндегі қателіктер нәтижесінде) және вирусты аурулар кезінде көп қолданатын микробқа қарсы препараттарға резистенттіліктің өсуі жатады ( БДҰның пікірінше әлемде антибиотиктерді қолдану шексіз өсіп бара жатыр, ол әсіресе осы препараттар дәрігердің рецептінсіз босатыла беретін посткеңестік мемлекеттерде ерекше байқалады).

    БДҰ- ы өкіметті, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін, азаматтық қауымдастықты, фармацевтикалық бизнесті және халықаралық қауымдастықты дәрілік заттарды тиімді қолдануға мүмкіндік жасау, оның ішінде осы мәселені шешуге қажетті ресурстарды бөлу арқылы, жауапкершілікті өздеріне алуға шақырып отыр. Жекелеп айтсақ, дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім қаржыландыруы тиіс. өйткені тек денсаулық сақтау саласында тек білікті маман-кадрлар ғана мемлекеттік және жеке секторларда дәрілік заттарды тиісті дәрежеде қолдануды қамтамасыз ете алады.

    ТМД-ның көптеген елдерінде білім өте қымбат деңгейде, сондықтан онымен байланысты шығынның барлығын дәрігер немесе фармацевт өзі көтереді. Мемлекет денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің білім және біліктілік деңгейін жоғарылатуға және олардың халықаралық оқыту, үйрету бағдарламаларына қатысуына жауапкершілікті көтеруі тиіс.

    Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
    Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.


    Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

    Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:
    1) Салауатты өмір сүру деңгейі:
    2) салауатты өмір сүрудің сапасы;
    3) салауатты өмір сүрудің стилі.
    Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді.


    Қолданылған әдебиеттер:
    Наталья Чеботаренко, эксперт ВОЗ по основным лекарственным средствам председатель международной организации DrugIngfo Modlova. Журнал эксперт. Номер 11 (279), Июнь 2007г.
  • Собеседования по использованию лекарственных средств. Под редакцией М.Н.Дукеса. Региональный публикации ВОЗ, Европейская серия, 45. с.5-22.
  • Интернет сайттары:www.google.ru

  • перейти в каталог файлов


    связь с админом